Siirry sisältöön

Visually Impaired Kazakh Transcribers

  • Remote
    • Almaty, Almaty, Kazakhstan
  • DataForce

Job description

Жұмыс орны: Қашықтан / Үйден жұмыс жасау

Апта іші жұмыс жасау ұзақтығы: 10 сағат болғаны жақсы; икемді жұмыс кестесі

Жұмыс жасау үлгісі: Штаттан тыс / Тәуелсіз мердігер

Қажетті тіл: Қазақ (Қазақстан)

Болжалды жұмысқа шығу күні: Дереу

Болжалды жоба ұзақтығы: 2 апта


TransPerfect компаниясының DataForce қызметі қазіргі таңда көру қабілеті нашар немесе соқыр болып танылған қазақша сөйлейтін адамдарды іздейді. Бір жылдық транскрипция жасау жобасына қатысу үшін олар экраннан оқу құралының тұрақты пайдаланушылары болуы қажет.

Job requirements

Бос жұмыс орнына қатысты қорытынды мәлімет

Қатысушылар қазақ тіліндегі аудиожазбаларды тыңдап, төмендегідей түрлі тапсырмаларды орындайды:

- Аудиожазбалар сапасын нашар немесе өте жақсы аралығында бағалау

- Пернетақта көмегімен аудиожазба мазмұнын қазақша теру

- Аудиожазба үлгілерінің жылдамдығындағы айырмашылықтарды ескеру.


Қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілінде идиомалық тіркестерді қолданып еркін сөйлеуі
  • Соқыр немесе көру қабілеті нашар деген диагноздың қойылуы
  • Басқа адамның көмегінсіз пернетақтада қазақ тілінде тере білуі
  • Экраннан оқу құралын аптасына кемінде 10 сағат пайдалануы
  • Өз бетінше жұмыс жасай білуі
  • Қазақ тілінде тыңдау және жазу дағдыларының жоғары деңгейде болуы
  • Үтір-нүкте сияқты ұсақ-түйекке қатты көңіл бөлуі
  • Берілген нұсқаулар мен бұйрықты / жөн сілтеуді орындай білуі
  • Уақытты тиімді басқара білуі
  • Берілген пікір-лебізді түсіне және қорытынды жасай білуі

TransPerfect ұсынатын DataForce қызметі дүние жүзі бойынша 100-ден астам қалада кеңселері бар жаһандық бизнеске арналған тіл және технология шешімдерінің әлемдегі ең ірі жеткізушісі болып келетін TransPerfect компаниялар жанұясының бөлшегі болып табылады.

Біз әлемдегі ең беделді технологиялық компаниялардың кейбіреуіне адам мен машинаның өзара әрекеттесуіне арналған жоғары сапалы деректерді ұсынамыз. Біздің бөлім әртүрлі AI доменінде Machine Learning саласына арналған деректерді жинауға, байытуға және өңдеуге назар аударады.

or